Жемқорлыққа қарсы әрекет
21/08/2019  Сәрсенбі

Ауа райы

astana20

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама-2018

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы (2016.22.01. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Жарлығы

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанында азаматтарға, мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ басқа да тұлғаларға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру жүйесін дамыту мен таратуды ұйымдастыру мақсатында 1494 Call-center (Кеңес беру орталығы) құрылып қызмет көрсетуде. Бұл туралы толық ақпаратпен Агенттіктің anticorruption.gov.kz  сайтынан танысуға болады.

Кеңес беру орталығына қоңырау бүкіл республика бойынша қалалық телефон мен ұялы байланыс операторлары арқылы абоненттермен «1494» (қоңыраулар тегін) нөмірін теру бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бірге, азаматтардың электронды өтініштері мен арыздары 1494 kz Порталына қабылданады.

Кеңес беру орталығының басты міндеті мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, тұрғындарға сапалы құқықтық көмек көрсету және азаматтардың, сонымен қатар өзге де мүдделі тұлғалардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады.  

Осы міндеттерді жүзеге асыру барысында Орталық қызметкерлері тұрғындарға заңнама нормаларын және мемлекеттік қызметтердің ұсынылу тәртібін түсіндіреді, сонымен бірге азаматтардың сыбайлас жемқорлық сипатындағы өтініштерін қабылдайды.

ru

ru

ru

ru

ru

ru

ru

ru