Хабарландыру
21/10/2019  Дүйсенбі

Ауа райы

astana20

2019 жылы «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарды келесідей 14 мамандық бойынша қысқа мерзімді кәсіптік білім алуға шақырады: «электр жабдықтарын жөндеу бойынша слесарь-электр маманы», «газ электр дәнекерлеуші», «медбикелік біліктілікті арттыру», «маникюр шебері», «шаштараз», «жол монтері», «жонғыш», «жылжымалы құрамды жөндеуші слесарь», «нан пісіруші», «сылақшы-сырлаушы», «тігінші-киім пішуші», «it маманы», «жиһазды жинастырушы», «массаж жасаушы». Оқыту мерзімі - 3 ай.

Бағдарламаға қатысушылар оқу ақысын, шәкіртақы төлеу түріндегі мемлекеттік қолдаулармен қамтылады.
Толық ақпарат алу үшін Энергетиктер көшесі, 62, 112-кабинет мекенжайындағы халықты жұмыспен қамту Орталығына өтініш білдіруге болады.
Өзімен бірге жеке куәлігі, білімі туралы құжаты, еңбек кітапшасы (болған жағдайда) болуы тиіс.