Қазақстанда бизнесті жауапты жүргізу мәселесі жөніндегі Ұлттық байланыс орталығының қызметі туралы
05/12/2019  Бейсенбі

Ауа райы

astana20

Осымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) Инвестициялар бойынша комитетіне кіру кезінде алған міндеттемелерді орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі  - Министрлік) Қазақстандағы Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі - ҰБО) болып айқындалғанын хабарлаймыз (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 306 қаулысы).

ҰБО - ерікті, халықтың/қоғамның кәсіпорындардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымдарын қарастыратын соттан тыс тетік.
Өзінің қызметінде ҰБО Қазақстан 2017 жылғы маусымда қосылған ЭЫДҰ-ның халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы Декларациясын және ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басқару қағидаттарын (қоса беріледі) басшылыққа алады. ҰБО-ның қызметі туралы толық ақпарат Министрліктің парақшысында «Министрлік туралы» бөлімінде және/немесе http://mid.gov.kz/kk/pages/biznesti-zhauapty-zhurgizu-boyynsha-ulttyk-baylanys-ortalygy сілтемесі бойынша қолжетімді.