Мекеме туралы
05/12/2019  Бейсенбі

Ауа райы

astana20

«Павлодар облысы Екібастұз қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ 2011 жылғы 1 шілдеде ашылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №162 (бұдан әрі - Бағдарлама) қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту Жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру -орталықтың негізгі қызметі болып табылады.

Бағдарламаның мақсаты - халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін қысқарту.

Бағдарламаның міндеті-өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және халықтың нысаналы тобына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту.

Жұмыссыз, ішінара жұмыспен қамтылған, табысы аз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ оралмандар және қатысу басымдылығы Бағдарламада белгіленген азаматтардың өзге де санаттары Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Бағдарлама келесі бағыттар бойынша іске асырылады:

1) инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету

2016 жылы осы бағыт аясында 5 нысанға күрделі жөндеу жүргізу көзделді, соның ішінде 4-і білім беру нысаны, 1-і денсаулық сақтау нысаны. Осы жобаларды іске асыру барысында 41 жұмыс орнын ашу мүмкіндігі туындауда.

2) Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру.

Осы бағыт бойынша халыққа шағын несие беру жүзеге асырылуда.

Бюджеттік кредиттің мақсатты – өз ісін ұйымдастыру және кеңейту.

Өз ісін ұлғайтуға арналған микрокредит жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу және тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастыру жағдайында ғана беріледі.

Микрокредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға берiлмейдi.

Өз ісін ұйымдастыруға немесе ұлғайтуға арналған микрокредит сомасы 3 млн. теңгені құрайды;

- Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген әрі өңірлерге келген оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың аймақтық квотасына енгізілген, оралмандар мен қоныс аударушылар үшін 5 млн. теңгеге дейін беріледі.

Микрокредиттер бойынша жылдық тиімді ставка 6%құрайды.

2016 жылы Екібастұз өңірінде жалпы сомасы 82,0 млн. теңгеге 36 үміткерге микрокредит беру қарастырылды.

3) жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.

Осы бағыт аясында Бағдарламаға қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың келесі түрлері ұсынылады:

-кәсіптік бағыт-бағдар беру, мамандық таңдауға көмектесу, оқыту және жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша кеңес беру, психологиялық бейімдеу қызметтері;

- біліктілікті арттыру, кәсіптік дайындық және қайта даярлау бойынша тегін курстарға жіберу;

- жастар іс-тәжірибесіне жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын төлеу;

- әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың жалақыларын біртіндеп субсидиялау.

2016 жылы 25 адам білім алуда. Білім алу мерзімі үш ай.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша нысаналы индикатор 60 адам. Жыл басынан бастап 47 жұмыссыз азамат жұмысқа жіберілді.

Білім беру мекемелері түлектерінің алғашқы жұмыс тәжірибесін игеруі мақсатында жастар іс-тәжірибесіне жұмысқа орналастыру қарастырылды. 2016 жылы 80 түлекті жастар іс-тәжірибесіне жіберу жоспарлануда. Жыл басынан бастап 6 адам жіберілді.