Әлеуметтік медициналық сақтандыру еңгізіледі
21/08/2019  Сәрсенбі

Ауа райы

astana20

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру еңгізіледі (одан әрі- МӘМС). Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік жарналар аударған тұлғаларға, медициналық қызметтер көрсетіледі ( одан әрі- ӘМСҚ).

Мемлекет 2018 жылы 1 қаңтарынан бастап келесі санаттағы адамдарға медициналық сақтандыру жүйесі жарналарын жүзеге асырады.

1

18 жасқа дейінгі балаларға

2

жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар тіркеуінде тұрған тұлғаларға

3

Декреттік кезендегі, жұмыс істемеген жүкті әйелдерге

4

3 жасқа дейінгі бала тәрбиелеуіндегі жұмыссыз тұлғаларға

5

3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста отырған тұлғаларға

6

18 жасқа дейінгі мүгедек баланы күтуші жұмыссыз тұлғаларға

7

зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде мүгедектер және Ұлы Отан Соғысының қатысушылары

8

қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазаларын өтеуші тұлғаларға

9

тергеу изолятордың құрамындағы тұлғаларға

10

жұмыссыз оралмандар

11

«Күміс алқа», «Алтын алқа» және «Батыр ана», сондай-ақ 1 және 2 дәрежедегі «Ана атағы» ордендерімен марапаталғандар

12

мүгедектер

13

күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын тұлғаларға

14

күндізгі оқу нысаны бойынша оқу бітірген тұлғаларға

Жалдамалы қызметшілерге медициналық сақтандыру жүйесінің жарналарын жұмыс берушілер аударады.

Салық органдыранда тіркелген өзін-өзі қамтығандар медициналық сақтандыру жүйесінің жарналарын өздері аударады.

Одан басқа 2017 жылғы 1 шілдеден бастап салық органдарының тіркеуінде тұрған жеке кәсіпкерлер өзіне және өз қызметкерлеріне МӘСҚ жарналарын 5 пайыз екі төмен еңбекақы немесе айына 2446 теңге, немесе 29351 жылына өзі аударады.

Жұмыссыз ретінде тіркелмегендер, нәтижесіз өзін-өзі қамтығандар,(жеке тасымалдаушы, құрылыс бизнес, қызмет, сауда, қосалқы шаруашылық т.б) тұлғалар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘСҚ жарналарын 5 пайыз бір төмен еңбекақы немесе 1144 теңге айына, немесе 16970 жылына өздері аударады.

Жарналарды ХҚК орталығында орналасқан банктерде ай сайын немесе бір жылға аударуға болады.

Азаматтар мәртебесін анықтау үшін ХҚК орталығына немесе жұмыспен қамту орталығына, жергілікті ауылдық әкімге жүгінуге болады.

Ол үшін құжаттардың көшірмесін ұсыну қажет:

жеке куәлігінің құжаты;

еңбек өтілімін растайтын құжат (бар болса),

білімі туралы құжат, біліктілік, кәсіби дайындық құжаты (бар болса).