Басшы туралы
04/07/2020  Сенбі

Ауа райы

astana20

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры - Алтыншаш Жумашевна Абенова 1965 жылғы 7 қарашада Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген, тұрмыста.
Білімі жоғары, 1989 жылы Қарағанды кооперативтік Орталық одақ институтын бітірді, 1983 жылы Павлодар кооперативтік училищесін бітірді.
Еңбек өтілі 30 жыл, мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам еңбек етіп келеді.
Еңбек жолын 1989 жылы Ермаков еңбек кооперативі кеңшарында экономист болып бастады.
1991 жылдан 1998 жылға дейін Ермак аудандық халық депутаттары атқару комитетінің, Ермак қалалық әкімшілігінің маманы, Ақсу қаласы әкімдігінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2001 жылдан 2004 жылға дейін Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің бас маманы болды.
2004 жылдан 2012 жылға дейін Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінің мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі болып тағайындалды.
2013 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі болып еңбек етті.
2016 жылдың қараша айынан 2017 жылдың ақпан айына дейін халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі басшысының міндетін атқарды.
2019 жылдың 4 шілдесінен бастап «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры болып тағайындалды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.
2017 жылы Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 141202 Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62;